Оның бұлай деп айтуының негізгі себебі, жақында дүкен сөрелерінен «Родина» агрофирмасының өнімдері арасынан алдын ала датамен шыққан сүт тауары табылған болатын. «Болашақтан келген сүт» деген тақырыпта дау туғызған мәселе бойынша журналистер одан түсінік беруді сұрады. И. Сауэрдің айтуынша, бұл зауыттың техникалық қателігінен болған.
«Мұндай жағдай жаңа зауыттың ашылуы кезінде толықтай жаңа автоматикадан қате кетті. Бірақ бар-жоғы 600 литр сүтте ғана, яғни бір партияда ғана осындай қателік болды», - деді И. Сауэр.
Бұл түсініспеушілікке бәлендей назар аударудың қажеті жоқ екенін айтады ол. «Зауыттың аты - зауыт. Бағдарламаны қосқан күні атап болып, электр өшіп қалды. Осылайша бағдарламада қателік туды. Ондай жағдайлар болып тұрады», - деп атап өтті И. Сауэр.