36 жастағы Федерер үнемі алтыншы нөмірмен шығатын хорват Марин Чиличтен басым түсті. Кездесу 6:2, 6:7 (5:7), 6:3, 3:6, 6:1 есебімен аяқталды.
Шешуші матч 3 сағат 4 минутқа созылды.
Еске сала кетсек, спортшылар Үлкен дулыға турнирінің финалында осымен екінші рет кездесті. 2017 жылы Федерер Чиличті Уимблдон финалында сүріндірген еді.
Бұл Федерердің спорттық мансабындағы 96-ыншы титулы. Швейцариялық Үлкен дулыға турнирі сериясында 20 рет жеңіске жетіп, рекорд жасап отыр.
Жеңістері: Australian Open (2004, 2006, 2007, 2010, 2017, 2018), Roland Garros (2009), Уимблдон (2003-2007, 2009, 2012, 2017), US Open (2004-2008).
Бұл көрсеткіш бойынша 16 турнирде мерейі үстем болған испандық Рафаэль Надаль екінші орында келеді.