Мельбурнда өткен тартысты кездесу 3 сағат 37 минутқа және бес сетке созылды - 6:4, 3:6, 6:1, 3:6, 6:3.
35 жастағы Федерер бұған дейін Australian Open додасын 2004, 2006, 2007 және 2010 жылы жеңген болатын. Бұл - оның Үлкен дулыға турнирлеріндегі 18-ші жеңісі.
30 жастағы Надаль Australian Open турнирін 2009 жылы финалда Федерерді тізе бүктіріп, жеңіп алған болатын. Және 2012 мен 2014 жылдары финалға дейін жетті.
Еске сала кетейік, Australian Open турнирінің әйелдер арасындағы жеңімпазы Серена Уильямс атанды.