Роджер Федерердің зайыбы дүниеге екінші рет егіз бала әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Үлкен дулыға» турнирлерінің 17 дүркін жеңімпазы, швейцариялық теннисші Роджер Федерер төрт баланың әкесі атанды.

32 жастағы спортшының зайыбы Мирослава егіз баланы дүниеге әкелді. Оларға Лео және Ленни есімдері берілді.

Роджер мен Мирослава отбасында егіз қыздарды тәрбиелеп отырғанын еске сала кетейік. Жазда Майла Роуз бен Шарлин Рива бес жасқа толады.

Р.Федерер отбасындағы осы қуанышты оқиғаға байланысты Мадридтегі ірі турнирге қатысудан бас тартқан болатын. Енді атақты спортшының Римдегі халықаралық турнирге қатысу- қатыспауы белгісіз болып отыр. Қазір АТР рейтингісінде Роджер Федерер төртінші орында.