Ролан Гаррос: Тимофей Скатов іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Т.Скатов бастапқы кездесуінде әлемнің 169-ракеткасы, ресейлік Алибек Качмазовтан айласын асырды.

Қазақстандық теннисші матчты 6:3, 6:4 есебімен аяқтады.

Бір сағат 42 минутқа созылған бәсекеде Скатов 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын құр жібермеді. Качмазов 1 эйс, 2 брейктен (7 брейк-пойнт) аса алмады. 

Тимофей Скатов іріктеу турнирінің финалына шығу үшін франциялықтар Люка Ван Аш немесе Адриан Маннариноның біреуімен таласады. 

Іріктеу сайыстары 23 мамырда мәресіне жетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Александр Шевченконың камбэкпен жеңіске жеткенін жазған едік.