ПАРИЖ. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 82-орында тұрған ресейлік Аслан Карацевпен бетпе-бет келдік.
Бес сетке созылған тартысты матчта Шевченко 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 3 сағат 15 минутта қазақстандық спортшы 13 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың тоғызын пайдаланды. Карацев 1 эйс, 8 брейктен (22 брейк-пойнт) аса алмады.
Александр Шевченко үшінші айналымға өту үшін әлемнің 79-ракеткасы, франциялық Корентен Мутемен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдік рейтингіде рекордтық 17-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).