Ролан Гаррос турнирі: Михаил Кукушкин іріктеу жарысының финалына өтті
ПАРИЖ. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 135-ракеткасы Михаил Кукушкин Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайыстарының финалына өтті.
Франция ашық чемпионатында талай рет бақ сынаған 36 жастағы теннисші бұл жолы іріктеу сайыстарының жартылай финалында аустралиялық Ли Тудың меселін қайырды.
М.Кукушкин матчты 6:4, 6:2 есебімен аяқтады. 1 сағат 16 минутқа созылған бәсекеде ол 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ту 1 эйс, 1 брейктен (2 брейк-пойнт) аса алмады.
Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 206-ракеткасы, италиялық Франческо Маэстреллимен шеберлік таластырады. Оны ұтса, Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Қытайды жеңгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Тимофей Скатов Германиядағы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
Анна Данилина Мароккодағы жарыстың жартылай финалына шықты.