АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турниріне іріктеу сайысында 6 қазақстандық теннисші алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Сәтима Төреген Айя Мырзақұлованы 6:3, 6:4 есебімен ұтса, Альбина Кәкенова Кира Эртманды тізе бүктірді – 6:2, 7:5.
София Исакова түркменстандық Сабрина Рахманованы ойсырата жеңді – 6:2, 6:0. Өкінішке қарай, Эвелина Балаганская, Кристина Крученко және Сәбина Шухратова алғашқы ойында жеңіліс тапты. Дегенмен әлі үш күн бар.
Бозбалалар нәтижесі мынадай:
Дамир Дүйсенғазин – Мехрад Мансури (Иран) 6:0, 6:4,
Арсений Требухин – Мани Молашхар (Иран) 6:3, 6:4,
Олжас Есеналы – Даниал Моштафираг (Иран) 6:3, 6:1,
Анатолий Цыбулько – Даниила Квасов (Узбекистан) 3:6, 0:6,
Тимур Сауленко – Жабер Амир (Иордания) 3:6, 6:3, 1:6,
Юнус Зульфар – Сухраб Саидов (Узбекистан) 4:6, 1:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматы қаласында жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі басталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).