АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласындағы Gorky Tennis Park теннис орталығында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында 2025 жылғы Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының жартылай финалына шыққан қыздар белгілі болды.
Өз топтарынан бірінші орынмен өткен қазақстандықтар Сәтима Төреген мен София Исакова өзара финал жолдамасын сарапқа салады.
Екінші жартылай финалда тағы бір қазақстандық Альбина Кәкенова ирандық Ясаман Язданимен кездеседі.
Бозбалалар арасында жартылай финалға өткендер кейін анықталады.
Жарыс чемпиондары Жапонияда өтетін соңғы іріктеу турниріне жолдама алады. Тек сол доданың жеңімпаздары ғана Ролан Гарросқа шақыртылады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарросқа іріктеуде 6 қазақстандық жас теннисшінің алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).