Орталық және Батыс Азия елдері бойынша іріктеу жарысында ұлдар мен қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
Ұлдар арасында Иран өкілі Киараш Садегизейди бірінші орын алды. Қазақстандық теннисші Родион Трайгель күміс жүлдеге ие болса, тағы бір отандасымыз Бексұлтан Бауыржанов үшінші орынға көтерілді. Қазақстандық Әмір Асқар жарысты төртінші орынмен аяқтады.
Қыздар арасындағы жарыста Өзбекстан өкілі Александра Бармичева жеңімпаз атанды. Қазақстандықтардан Алуа Марат екінші орын алса, Айым Қанағатова қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Тәмина Сәкен төртінші орынға тұрақтады.
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қазан айында Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series by Renault финалдық кезеңінде Батыс және Орталық Азия аймағының атынан өнер көрсету құқығына ие болды.
Roland Garros Junior Series by Renault — Qualifications West and Central Asia турнирі Қазақстан теннис федерациясы, Азия теннис федерациясы (ATF) және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жарысқа 16 жасқа дейінгі 16 ұл мен 16 қыз қатысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінің Алматыдағы іріктеу жарысының финалына қос қазақстандық шыққанын жазған едік.
Сондай-ақ теннисші Григорий Ломакин Тайбэйдегі турнирдің финалына жолдама алды.