Рөлге мас болып отырған қоғамдық көліктің 4 жүргізушісі ұсталды

АЛМАТЫ. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Алматыда өтіп жатқан "Автобус" алдын алу шарасы барысында қоғамдық көлікті мас күйінде жүргізген 4 жүргізуші ұсталды.

«Бірқатар автопарктердің жүргізушілері үшін алкоголь немесе есірткіге мас күйінде рөлге отыру дәстүрлі диагноз болып отыр. Өкінішке орай, осы мас жүргізушілер көбінесе жол-көлік оқиғаларына себепкер болып жатады», дейді қалалық ІІД-і жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков.

Оның айтуынша, шара маусымның 11-не дейін жалғасады. Шара барысында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайына, жол ережелерін сақтауға баса мән берілетін болады.