Rolls-Royce әлемдегі ең қымбат көлікті жасап шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Concorso d'Eleganza Villa d'Este дизайнерлік көрмесінде британдық компания Sweptail деп аталатын жаңа жобасын таныстырды, деп жазады «Хабар 24».

Су жаңа өнім арнайы тапсырыспен тек жалғыз дана шығарылған.

Rolls-Royce Sweptail көлігін құрастыруға 4 жыл уақыт жұмсаған. Жобаның нақты бағасын компания басшылығы құпия сақтап отыр. Дегенмен ел арасында оның 12 млн еуроға бағаланатыны айтылып жүр. Бұл әзірге әлемдегі ең қымбат көліктің бірі болмақ.