Роман Григорчук «Астанаға» қайта оралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украиналық бапкер Роман Григорчук таяуда бас жаттықтырушы ретінде «Астанаға» оралады, деп хабарлайды Sports.kz.

Григорчук күзде отбасылық жағдайына байланысты жұмысынан уақытша қол үзген еді. Команданы уақытша Григорий Бабаян басқарып, оны чемпиондыққа алып келді және Еуропа Лигасының топтық турнирінде 8 ұпай алуына септігін тигізді.

Енді Бабаян қайта ассистент болады, ал Григорчук команда басшылығына жайғасады.