Роман Скляр: «9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда іске қосылады

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары  Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, «9-20-25» бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты.

«Сұрағыңызға қысқаша жауап берейін. Аталған бағдарлама іске қосылады. Республика бюджеті мен «Отбасыбанктің» бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы Премьер-Министр – ред.) айтқан мәселе пысықталған. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», - деді Роман Скляр.

«Яғни, бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылады деп топшылайсыз ба?» - деген сұраққа бірінші вице-Премьер басын изеп жауап берді.