АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, «9-20-25» бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты.
«Сұрағыңызға қысқаша жауап берейін. Аталған бағдарлама іске қосылады. Республика бюджеті мен «Отбасыбанктің» бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы Премьер-Министр – ред.) айтқан мәселе пысықталған. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», - деді Роман Скляр.
«Яғни, бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылады деп топшылайсыз ба?» - деген сұраққа бірінші вице-Премьер басын изеп жауап берді.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.