Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекетінің жұмысын және республикалық маңызы бар «Ақтөбе ‒ Атырау ‒ РФ шекарасы» автожолы құрылысының барысын тексерді.
«Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды. Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1 200 көлік өтеді.
Вице-премьер нысанды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.