«Оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылды. Біз мұның барлығын анықтайтын боламыз. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз. Әрбір оқиғаны жеке-жеке қарастырамыз. Тергеу жүріп жатыр, егер осындай жағдай жүйелі түрде қайталана берсе тиісті шаралар қабылдаймыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, «Эйр Астана» компаниясының Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағы әуежайға қайтып оралған болатын. Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.