Роман Скляр «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты
11:27, 09 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «ИННОПРОМ» халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.
Кеше Екатеринбургте «ИННОПРОМ» XV халықаралық өнеркәсіптік көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр басқарды.
Биыл көрмеге 17 елдің ресми өкілдері мен бизнес қоғамдастығы қатысты.
Іскерлік бағдарлама шеңберінде 11 000-нан астам ұйымдар мен компаниялардың қатысуымен 100-ден астам іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Айта кетелік Қытай компаниялары Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салуға қызығушылық танытып отырғаны туралы жазған едік.