Оның сөзінше, соңғы 12 жылда көлік инфрақұрылымын дамытуға $32 млрд астам қаражат жұмсалды. Мыңдаған шақырымдық автомобиль және теміржол, теңіз порттары мен әуе айлақтары салынды.
«Көлік — бұл ел өнеркәсібі мен экономикасына қызмет көрсетуі тиіс сервис түрі. Биыл қарқынды құрылыс жұмыстары басталатын «Бақты – Аягөз» үшінші теміржол өткелі — Қытай Халық Республикасына шығаратын жолдардың бірі. 2019 жылы «Алтынкөл» теміржол шекара өткелі мен құрғақ порттың қуаттылығы тек 25% пайдаланылды, ал «Достық» – 80-90%-ға жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта бізде осы екі өткел 100% жүктемемен жұмыс істеп тұр және үшіншісінде жұмыс басталды. Сондай-ақ қазірдің өзінде біз жүк транзиті үшін ғана емес, бірінші кезекте, өңдеу өнеркәсібі үшін төртінші өткелді құру туралы ойланып жатырмыз. Қазақстанның теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ, алайда көрші мемлекеттерде біз шығуға тиіс үлкен нарықтар бар. Бұл қымбат, бірақ соған тұрарлық шығындар», — деп мәлімдеді Роман Скляр.