Роман Скляр ҚХР-дың құрылғанына 76 жыл толуына арналған қабылдауға қатысты

Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасының құрылғанына 76 жыл толуына орай ҚХР-дың Қазақстандағы Елшілігіндегі дипломатиялық қабылдауға қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өз сөзінде Р.Скляр Қытай халқын айтулы күнмен құттықтап, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан өзара қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық екі ел көшбасшыларының жеке байланыстарының арқасында белсенді нығайып келе жатқанын ерекше атап өтіп, биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарларына тоқталды.

Бұл сапарлар барысында екіжақты қатынастарды жаңа мазмұнмен толықтыруға бағытталған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін хабарлады.

Айта кетейік, Үйлестіру кеңесі «Бейнеу-Сексеуіл» автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады.