Роман Төреханов ҚР Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды
13:30, 10 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының өкімімен Роман Алмаханұлы Төреханов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін бұл қызметті Шыңғыс Сайранұлы Әрінов атқарған болатын. Ол 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.