Романовтар отбасы Ресейге оралуды көздеп отырған жоқ

МӘСКЕУ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдегі Романовтар тегі мүшелері қауымдастығының өкілі князь Дмитрий Романовичтің мәлімдемесін жария етті. Ол княгиня Мария Владимировнаның Ресейге оралу мүмкіндігі туралы баспасөздердегі көптеген материалдарға орай өзінің пайымдауларын келтірді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Дмитрий Романович өзінің туысының ниеті - бұл жеке тұлғаның талабы екенін және Романовтар Үйінің Ресейге оралуы мақсатын білдірмейтінін жазған.

Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің ешқайсысы да мұндай талапты алға тартпайды және қандай да бір нысанда ешқандай артықшылықтардан дәмеленбейді.