«РОМКОМ. Бойдақтарға мұнда орын жоқ» комедиясы қазақстандық прокатка шықты
Сценариін Аслы Зенгин мен Джерен Аслан жазып, Джеймс Гуччардоның операторлығымен, режиссер Эрол Озлеви түсірген бұл туындының тұсаукесері жылдың бас кезінде Түркияда өткізілген болатын. Бас кейіпкерлерін Синем Кобаль, Энгин Алтан Дузятан, Седеф Авджи, Джемаль Гюнал, Бурджу Кара, Гюрген Оз сомдаған фильм одан кейін Германия мен Ұлыбританияда көрсетілді. Түркиядағы алғашқы көрсетілімде 3 миллион долларға жуық табыс әкелген бұл картина 2013 жылдың прокатында үздік бестікке енген еді. Оны «Cinema Tone Pro» «AiN ENTERTAINMENT» компаниясының тапсырысы бойынша «Cinema Tone Pro» студиясы орыс тіліне 2 айда дубляждап шықты. Еркектердің нағыз достығын, әйелдердің ынтымақтастығын, қызғаныш пен құмарлықты, ынтызарлық пен нәзіктікті және махаббатты паш ететін комедия өз көрерменін бей-жай қалдырмайды деп жоспарлануда.