34 жастағы футболшы өз елінде өтетін Әлем чемпионатынан табыс табуды жөн деп шешкен. Алайда ол ойыншы ретінде теңбіл доп додасына қатыса алмайды. Футболшының парақшасында үйдің суреттері де жарияланған. Роналдиньо үйін бір тәулікке жалға алу үшін 15 мың доллар төлеу қажет. Роналдиньо 2004 және 2005 жылдары ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік футбошысы атанды. - Ол 2002 жылғы Әлем чемпионы. Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари футболшыны өз елінде өтетін чемпионат қатысатын ойыншылардың тізіміне енгізбеді. Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Топтық кезеңдегі алаң иелерінің қарсыласы - Хорватия, Мексика және Камерун. Чемпионаттан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирден хабар таратады.
00:12, 26 Мамыр 2014
Роналдиньо Әлем чемпионатында үйін жалға бермек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық «Атлетико Минейро» клубының ойыншысы Роналдиньо Рио-де-Жанейро қаласындағы үйін Әлем чемпионаты кезінде жалға беруге шешім қабылдады. Бұл туралы ойыншы Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады kazsporttv.kz.