Бұл туралы британдық БАҚ хабарлады.
Роналдиньоның мұның алдында бразилиялық "Атлетико Минейро" клубында болған. 2012 жылдан бастап 2014 жылдар аралығындағы кезеңде жартылай қорғаушы алаңға 48 рет шығып, 16 гол салды.
«Біз халықаралық аренада өзін көрсете білген ойыншы қатарымызға келіп қосылғанына қуаныштымыз. Роналдиньо - әлем чемпионы, екі рет әлемнің үздік ойыншысы атанды. Оның білімі мен тәжірибесі келешекте біздің команданы нығайта түспек», - делінген клуб хабарламасында.
Футболшы испандық «Барселонода» өзін ерекше таныта білді. Оның құрамында бразилиялық Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды (2006). Сондай-ақ Еуропадағы "Пари Сен-Жермен" және "Милан" командаларында да ойнады.
2004 және 2005 жылдары Роналдиньо Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының (ФИФА) нұсқасы бойынша әлемнің үздік футболшысы атанды. Ол 2002 жылы әлем чемпионы болды.