Роналдиньо: Неймар әлемнің үздік футболшысы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасы мен «ПСЖ», «Барселона» және «Милан» клубтарының бұрынғы ойыншысы Роналдиньо осы жылы «Алтын допқа» кім таласатынын және Неймардың болашағыы жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

«Алтын доп» үшін талас Криштиану Роналду мен Лионель Мессидің арасында өтеді. Әлемде мықты ойыншылар өте көп, бірақ дәл қазіргі сәтте бұл екеуіне жететін футболшы жоқ. Үздік үштікті Неймар түйіндейді деп ойлаймын. Ол қазір нағыз бабында. Бұл тізімге ілінуге барлық мүмкіндігі бар. Роналду мен Мессидің дәурені өткен соң Неймар әлемнің үздік футболшысына айналады деген үміттемін», - дейді Роналдиньо ФИФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында .