Басылымның жазуынша, Роналдиньо өзінің ағасы және агенті Робертомен бірге Парагвай ұлттық полициясының қабылдау бөлімінде. Прокуратураның талабы бойынша оларды қонақүйден жеткізген.
Еске сала кетейік, сәрсенбі күні кешке спортшы орналасқан қонақүй бөлмесінде тінту жүргізіліп, оның барысында құқық қорғаушылар Роналдиньо және оның ағасы Робертоның атына жазылған жалған төлқұжаттарды анықтаған. Екеуі де ұсталған болатын.