Тұтқындалғандар үшін 1,6 миллион доллар (әрқайсысына 800 мың доллардан) көлемінде кепілпұл төленген. Роналдиньо мен оның бауыры қаладан шықпауға және полицейлердің бақылауында қонақүйде тұруға міндетті.
Айта кетсек, 4 наурыз күні футболшы мен оның бауыры жалған құжатпен Парагвайға ұшып кетпекші болған. Құқық бұзушылар әуежайда тұтқындалып, 6 айға қамауға алынды.