Роналдо Клозенi әлем чемпионаттарындағы 15-шi голымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның танымал футболшысы Роналдо Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозенi Гана қақпасына соққан голымен құттықтады. Айта кетейiк, Клозенiң аталған голы әлем чемпионаттарындағы 15-шi болып табылады. Ендi ол Роналдомен бiрге әлем бiрiншiлiктерiнiң ең үздiк бомбардирi атағын бөлiсуде.

"Клубқа қош келдiң, Клозе", - деп жазады Роналдо немiс тiлiнде өзiнiң туиттердегi парақшасында.

"Сенiң бойыңды қандай қуаныш кернеп тұрғанын сеземiн, Клозе. Қандай керемет чемпионат!" - дедi ол туған тiлiнде.

Еске сала кетейiк, бұның алдында әлем бiрiншiлiктерiнде 15 гол соққан бразилиялық шабуылшы Роналду әлемдiк рекордтың жалғыз иесi болатын. Мiне, ендi оған Клозе де қосылып отыр.