Роналдо «Вальядолид» клубының президенті атанды
Луис Назарио да Лима клуб акцияларының бақылаушы пакетін, яғни 51%-ын 30 миллион еуроға сатып алып, ресми түрде клубтың иесі атанды.
«Біз жаңа менеджмент кезеңін бастағалы отырмыз. Ол бәсекеге төзімділік, жариялылық, революция және әлеуметтік ұстанымдарын басшылыққа алады. Жанкүйерлердің клубты жақсартуға қосар үлесінің артуын қалаймын, олардан сын пікірлер мен ұсыныстарды қабылдауға әзірмін. Бірге бәсекеге төзімді команда құрамыз», - деді Роналдо арнайы ұйымдастырылған шарада.
2001 жылдан бері клуб президенті болып келген Карлос Суарес 2011 жылдан бастап клуб акцияларының басым бөлігіне иелік еткен болатын.
Айта кетейік, «Вальядолид» бірнеше жыл бойы Испанияның бірінші және екінші лигасында жүрді. 2014 жылы Испания чемпионатында 19-орынмен шектеліп, Сегундаға (екінші лига) кеткен. Төрт жылдық үзілістен соң, осы маусымда Ла Лигаға оралды. 3-турдан кейін команда екі ұпаймен 16-орында тұр.