АСТАНА. KAZINFORM – «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы клубының басшылығынан Зинедин Зиданды команданың бас бапкері етіп тағайындауды өтінген, деп хабарлайды OK Diario.
Дереккөз атап өткендей, футболшы командада бас бапкермен проблемалар бар деп есептейді. Оның пікірінше, бұл лауазымға ең жақсы үміткер Зидан болар еді, оның басшылығымен «Реал» Чемпиондар лигасын қатарынан үш рет жеңіп алған.
Қазіргі уақытта «Әл-Насрды» 62 жастағы португалиялық маман Луиш Каштру басқарады. Жаңа маусымның басында команда суперкубок ойынында «Әл-Хилалдан» жеңіліп қалды (1:4), Сауд Арабиясы чемпионатының 1-турында «Әл-Раедпен» тең ойнады (1:1).
Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың YouTube-каналы әлемдік рекорд орнатқанын жазған едік.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы