The Best сыйлығын Роналду Швейцарияның Цюрих қаласында өткен марапаттау салтанатында алды. Бұл марапатқа үміткерлер қатарында сондай-ақ, «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси және «Атлетико» мен Франция құрамасының абуылшысы Антуан Гризман қарастырылған болатын.
ФИФА жүлдесінің иегері ұлттық құрама командалардың бапкерлері мен капитандарының, журналистер мен жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады.
Бұған дейін Криштиану Роналду France Football-дан «Алтын доп» алған болатын.