Роналду қарсыласына қол көтергені үшін 12 ойыннан шеттетілуі мүмкін - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» футболшысы Криштиану Роналду осындай теріс қылығы үшін 4-12 ойыннан шеттетілуі мүмкін. Оқиға Испания чемпионатында құраманың «Кордовамен» кездескен кезінде болған, деп хабарлады sport.es.

Роналду ойынның 82 минутында қызыл карточкаға ие болды. Португалдық жанжал барысында алдымен бір қарсыласының бетінен ұрса, кейін тағы бір ойыншыны итеріп жіберген.

Матч 2:1 есебімен «Реалдың» пайдасына шешілді.