12 маусымға қараған түні Португалия мен Ирландия құрамалары арасында жолдастық кездесу өтіп, бұл кездесуде 39 жастағы Роналду дубль авторы атанды.
Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының (IFFHS) мәліметінше, бұл матч шабуылшының кәсіпқой футболдағы 1226-шы ойыны болды. Бұл көрсеткіш бойынша ол 1225 ойын өткізген Бразилия құрамасының бұрынғы қақпашысы Роджерио Сениді басып озды.
Жалпы, Роналду ұлттық чемпионаттарда 698 матчқа қатысқан. Португалиялық ойыншы кубок турнирлері мен суперкубоктарда 101 ойын өткізді. Криштиану халықаралық клубтық жарыстарда 220, Португалия құрамасында 207 кездесу өткізген.