Бір айдан соң 33 жасқа толатын шабуылшы 26 халықаралық ақпарат агенттігінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелеріне орай бірінші орынды иеленді. Футболшы осы атаққа таласқан Формула-1 шебері Льюис Хэмилтон, теннисшілер Роджер Федерер және Рафаэль Надальды артқа тастады.
Еуропаның үздік спортшысын анықтау бастамасын алғаш рет 1958 жылы Польшаның РАР ақпарат агенттігі көтерген болатын, содан бері аталым жыл сайын кәрі құрлық спортшылары арасында жүргізіледі.