Футболшы жылжымайтын мүлікті 140 млн. еуроға The Proto Group компаниясынан сатып алған екен. Бұл компанияның қожайыны - итальяндық бизнесмен Алессандро Прото. Ол тамыз айында Роналдуға Нью-Йоркте орналасқан ғимараттан құны 16 млн. еуро болатын апартаментін сатқан екен, деп жазады 24.кз.
07:50, 28 Қаңтар 2016
Роналду құны 140 млн. еуроға тең мейманхана сатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» әрі Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Монте-Карлода мейманхана сатып алды. Бұл туралы Marca хабарлайды.