Роналду мен Джорджина неке келісімшартына қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналду 10 жылдық қарым-қатынастан кейін сүйіктісі Джорджина Родригеспен неке келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Marca басылымы.

Фото: ESPECIAL

Егер жұп ажырасатын болса, Роналдудың міндеттемелері жүздеген миллион долларды құрауы мүмкін. Құжат ай сайынғы төлемдерді ғана емес, сонымен қатар үлкен біржолғы төлем мен бонустарды да қарастырады.

Шарттың негізгі баптары:

Джорджинаға ай сайынғы төлем – 114 мың доллар;

Құны 5,6 миллион долларға дейінгі жылжымайтын мүлікті иелену құқығы;

Ажырасу кезіндегі зейнетақы – айына 110 мың доллар;

Баланы қолдау - айына 500 мың доллар;

Қосымша бонустар - жылына 2 миллион доллар, екі люкс автокөлік және авиарейстерде ұшу;

Ажырасқан жағдайда біржолғы төлем ретінде 50 миллион доллар беріледі.

Forbes мәліметі бойынша, Криштианудың байлығы 671 миллион долларға бағаланады. Осындай ауқымды келісімге қол қою арқылы футболшы өз активтерін қорғауға және сонымен бірге ажырасу орын алған жағдайда Джорджина мен оның балаларына жоғары өмір сүру деңгейіне кепілдік беруге тырысты.

Қазір «Аль Наср» сапында өнер көрсететін Роналду саудиялық клубтан жылына 200 миллион еуродан астам жалақы алады.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду балаларының анасына үйлену туралы ұсыныс жасағаны жайлы жазған едік.