Football Leaks нұсқасы бойынша, Роналду өзінің агенті Жорж Мендештің сызбасы бойынша Швейцария мен Британияның Виргин аралдарында орналасқан офшорлар арқылы 150 млн. еуро сомасында салықтан жалтарған. Сондай-ақ осындай сызба бойынша салық төлеуден бой тасалағаны үшін Мендештің өзге клиенті - "Манчестер Юнайтед" ағылшын клубының бас бапкері португалиялық Жозе Моуриньо да айыпталып отыр. Футболшылардан осындай алаяқтық жасады деген айып: неміс Месит Озилге, португалиялықтар Пепе және Рикарду Карвальюға, сондай-ақ колумбиялық Хамес Родригес пен Радамель Фалькаоға тағылып отыр.
«Жеті айлық тыңғылықты тексерістен соң біз, Der Spiegel мен EIC, Sunday Times және Expresso-мен (Португалия) біріге отырып, материалдарды жариялай бастадық. Қызық болады. Демалыстарыңыз сәтті өтсін», - деп жазады басылым.
Ал португалиялық футболшының агенті Мендеш мен танымал бапкер Моуриньо мұны алаяқтыққа теңеп, заңбұзушылыққа бой алдырмағандарын айтуда.
«Хабар 24» арнасы.