«Менің ойымша, бұл шектен тыс асыра сілтеушілік және жөнсіздік! Бұл ізге түсу дегендік. Әріптестерім мен жанкүйерлеріме қолдау білдіргендіктері үшін рахмет,- деп жазды португаль тілінде Криштиану Роналду.
Еске сала кетсек, 32 жастағы шабуылшы Испания Суперкубогы аясындағы алғашқы матчта ойын кезінде төрешіні арқасынан итеріп жібергендігі үшін қызыл карточка алған еді. «Реал» бірден апелляцияға берді, бірақ жаза өз күшінде қалды.
«Барселонамен» қарымта ойын 17 тамызды өтеді. Роналду қуылған алғашқы матчта «Барселона» «Реалды» 3:1 есебімен жеңген болатын.