Роналду Мессидің рекордын жаңартты
08:15, 16 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде бірінші орынға шықты. Донецкілік «Шахтерға» қарсы ойында хет-трик авторы атанып, Лионель Мессиді басып озды, деп хабарлады massaget.kz порталы.
Криштиану Роналду украиналық клубтың қақпасына 3 гол соқты. Оның екеуін пенальтиден орындады. Нәтижесінде, Чемпиондар лигасында соққан голдарының санын 80-ге жеткізді.
Ал, Лионель Месси португалдық футболшыдан 3 голға қалып отыр. Аргентиналық сұрмергеннің командасы ертең Римде «Ромамен» кездеседі. Айта кетейік, Криштиану Роналду мен лионель Месси Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер тізімінде кезегімен көш тізгінін иеленіп келеді.