Роналду Палестинада жыл адамы атанды
10:09, 23 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Палестинада жыл адамы атанды, деп хабарлайды sport-express.ru.
«Жүлдені Роналду «спорттық және адамгершілік қасиеттері үшін» алды», - делінген хабарда.
Шара ұйымдастырушысы Халид Шуман ойыншының наурыз айында бомбалау салдарынан жетім қалған бес жасар баламен кездескенін еске салды.
Тамыз айында Роналду Израильдің премьер-министрімен кездесіп, әскери шиеленісте Палестинаны қолдайтынын мәлімдеді, Израиль құрамасымен матчта қарсыластарымен жейде ауыстырудан бас тартты.
Одан бөлек, футболшы «Алтын бутса» бәссаудасынан түскен $1,5 млн палестиналық балаларға аударған болатын.