«Жүлдені Роналду «спорттық және адамгершілік қасиеттері үшін» алды», - делінген хабарда.
Шара ұйымдастырушысы Халид Шуман ойыншының наурыз айында бомбалау салдарынан жетім қалған бес жасар баламен кездескенін еске салды.
Тамыз айында Роналду Израильдің премьер-министрімен кездесіп, әскери шиеленісте Палестинаны қолдайтынын мәлімдеді, Израиль құрамасымен матчта қарсыластарымен жейде ауыстырудан бас тартты.
Одан бөлек, футболшы «Алтын бутса» бәссаудасынан түскен $1,5 млн палестиналық балаларға аударған болатын.