Роналду полиция машинасының тап алдында бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өте шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның  "Реал" командасында ойнайтын  португалдық  футболшы Криштиану Роналду  полицейлердің көз алдында бағдаршамның қызыл жарығына қарамай өте шықты.

 Бұлайша жол ережесінің бұзылуын испандық AS басылымы жазды. 

Оқиға сәрсенбі күні Испания чемпионатының 25-туры матчынан кейін болған. Бұл ойында мадридтік клуб өз алаңында "Лас-Пальмоспен"  тең түскен еді (3:3).

Матч біткен соң стадион аумағынан шыққан Роналду  жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған алдындағы машинаны айналып өтіп,  одан әрі кете барған.