Роналду Португалия құрамасынан кету туралы шешім қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM – Криштиану Роналду Португалия құрамасының сапынан кету туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Фото: fifa.com

Бұл туралы португалиялық футболшы Instagram парақшасында жазды.

— Ұлттық құраманың бас бапкері өткізген баспасөз мәслихатынан кейін және Португалия футбол федерациясының президентімен сөйлескен соң құраманың сапынан кету туралы шешім қабылдадым, — деп жазды Роналду.

Футболшы бұл шешімге не себеп болғанын кейінірек түсіндіретінін айтты.

— Уақыты келгенде ұлттық құрамадан кетуіме түрткі болған себептердің ақ-қарасын бүкіл Португалия халқына айтып беремін. Өйткені мен бұл құрама үшін әрдайым барымды салып келдім, — деді ол.

Сөз соңында Роналду Португалия құрамасына және ұлттық құрамадағы әріптестеріне сәттілік тіледі.

— Енді Португалия құрамасына және барлық командаласыма сәттілік тілейтін кез келді, — деп жазды футболшы.

Биыл тамызда португалиялық футболшы Криштиану Роналду осы маусым кәсіби мансабындағы соңғы кезең болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.