Роналду ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы ойыншы атанды

Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM – Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы 900-ші голын соқты. 39 жастағы ойыншы Ұлттар лигасының бірінші турында Хорватия қақпасын дәл көздеді.

Шабуылшы 34-минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізіп, ұлттық құраманың жеңісіне үлес қосты. Бұл гол Роналдудың мансабындағы 900-ші голы болды.

Осылайша, Криштиану футбол тарихындағы ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы ойыншы болды. Ол үшін Роналду 1237 ойынға қатысты. Роналду ұлттық құрама сапында 213 матчта 131 гол соққан.

Айта кетейік, футболдан Ұлттар лигасында бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегиямен кездеседі.

Осыған дейін Криштиану Роналдудың YouTube-каналы алғашқы миллион жазылушы жинау жөнінен әлемдік рекорд орнатқанын жаздық.