Әлем чемпионатының топтық кезеңінде АҚШ құрамасына қарсы ойында (2:2) футболшы жаңаша үлгідегі шаш үлгісімен алаңға шықты. Ол испандық балақай Эрик Крустың басына жасалған операциядан кейін пайда болған тыртыққа ұқсатып, ирек сызықты шаш қою үлгісін жасатқан. Мұның алдында португалдық аяқ доп шебері операция үшін 50 мың фунт стерлинг төлеген болатын. Айта кетейік, Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия құрамасы сәтсіз өнер көрсетуде. Соңғы өткізген екі кездесуі бойынша олар бар-жоғы бір ғана ұпаймен «G» тобында соңғы орынға жайғасты.
21:41, 23 Маусым 2014
Роналду сырқат баланы қолдау үшін жаңа шаш үлгісін жасатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия футбол командасының шабуылшысы Криштиану Роналду қауіпті дертке шалдыққан баланы қолдау мақсатында, өзінің шаш қою үлгісін өзгертті. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.