Роналду жайлы деректі фильм жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Криштиану Роналду: әлем оның аяғында» атты деректі фильмді Бенедикт Камбербэтч дыбыстады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Digital Spy хабарлағандай, даңқты португалиялық футболшының өмірі мен спорттағы жетістіктері жайлы айтылады.

2012 жылы Леди Гага жайлы деректі фильм түсірген Режиссер -Тара Пирина бұл жолы өз фильмінің басты кейіпкері ретінде атақты футболшыны көргісі келген. Туындыда өздерінің әріптесі әрі қарсыласы ретінде футболшының өнеріне Дэвид Бекхем, Пеле, Жозе Моуриньо, Лионель Месси, Уэйн Руни, Гари Линекер, сэр Алекс Фергюсондар баға береді.

Картинаны жасаушылар Криштиану Роналду бүгінгі таңда жер шарындағы ең танымал спортшы екеніне, жақсы көрсе де, мейлі, жек көрсе де оның талантына ешкім шек келтіре алмайды, деп санайды.

Криштиану Роналду - португалиялық футболшы, Португалия ұлттық құрамасының сапында, сондай-ақ, «Реал Мадрид» клубында ойнайды. Ол әлемдегі ең қымбат футболшы саналады. Оның «Манчестер Юнайтед» сапынан испаниялық командаға ауысуы 80 млн. фунтов стерлингке бағаланған болатын.

Ал енді осы фильмді дыбыстайтын Бенедикт Камбербэтч жайлы айта кетер болсақ, ол - танымал әртіс. «Шерлок» сериалында Шерлок Холмс рөлін сомдаған.