Роналду өз «көшірмелерін» туған жері Португалияда тамыз айында өтетін арнайы спорттық көрмеге шығарып қояды екен, деп хабарлайды espanarusa.com. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жария еткен. Роналду сол жердегі суретінің астына «Жаңадан шаш сәнін жасаудамын» деп оп-оңай әзілдегенімен, мүсінді футболшыдан аумайтындай етіп шығару үшін оның стилистері біраз тер төгіп, ауыр күндерді бастан кешірген.