Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан бала мен әкесі ескерту алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алтын доп иегері Криштиану Роналдумен кездесу үшін алаңға жүгіріп шыққан қазақстандық жанкүйер Ахмади Ержанов пен оның әкесі Сингапур құқық қорғаушылары тарапынан жаза алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР СІМресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«Бүгін Ювентуспен Тоттенхэм арасындағы матч барысында қазақстандық 14 жастағы жанкүйер АхмадиЕржанов футбол алаңына жүгіріп шығып, Роналдумен суретке түскен. Бұл әрекетіүшін ол әкесімен бірге жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сингапурдағызаң талаптарының қаталдығын ескерсек, балаға қомақты айыппұл салынуы тиісболатын. Осы оқиғадан құлағдар болған консул полиция бөлімшесіне келді.Ұсталған азаматтар ағылшынша білмегендіктен, оларға ағылшынша көмек көрсетілді.Нәтижесінде іс материалдары прокуратураға беріліп қойса да Сингапурдағы консулполиция өкілдеріне жағдайды түсіндірді. Соның арқасында жасөспірім айыппұлтөлемей, тек ескерту алды. Ахмади – жолы болғыш жігіт», - деді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ өкіліқазақстандық азаматтар қиын жағдайға тап болса, бірден консулға жүгінудіескертті.

«Егер осындайжағдай туындай қалса, қазақстандық азаматтарға міндетті түрде қазақстандықконсулмен тілдесу керектігін ескертеміз. Алайда, шетелдегі заң талаптарынбұзбауға шақырамыз», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кету керек, 14 жастағы қазақстандық жас жанкүйердің Криштиану Роналдумен суретке түсіп, қол алысқанын бүгін хабарлаған болатынбыз.