Қазан айының соңында Головкин АҚШ-тың Калифорния штаты Глендейл қаласындағы Роузидің UFC 193 турнирі аясында өтетін титулдық жекпе-жегіне дайындық жасап жатқан залына барған болатын. Бұл кездесу 14 қарашада австралиялық Мельбурнда өтеді. Чемпионның қарсыласы он жекпе-жектің тоғызын жеңіспен аяқтаған Холли Хоум болмақ.
Бұған дейін Головкин Роузидің жекпе-жегін тағатсыздана күтіп жүргенін айтып, чемпионға сәттілік тілеген болатын.
Еске сала кетейік, Роузи Головкиннің UFC-тегі сүйікті боксшысы болып табылады. Өз тарапынан америкалық боксшы Қазақстан боксшысын қолдайтынын талай рет мәлім еткен.